Қазақстан Еуразиядағы логистикалық және инвестициялық хаб ретінде позициясын күшейтіп келеді, деп хабарлайды.
Қазақстан мен Түркия арасындағы дөңгелек үстелде YDA Holding басқарма төрағасы Хусейн Арслан компания елімізге $2,5 млрд-тан астам инвестиция салғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қаржыға Ақтау және Түркістан әуежайлары іске қосылып, Астанада индустриялық парк ашылған.
Келесі кезеңде теңіз логистикасы мен агроөнеркәсіп саласына басымдық берілмек. Атап айтқанда, Ақтауда кеме жасау инфрақұрылымын дамыту және Петропавлда құны $230 млн болатын кешен салу жоспарланып отыр.
«Әлемнің алты еліндегі тәжірибемізді ескере отырып, мен Қазақстан инвесторларға қолайлы ел деп айта аламын. Инвесторлар тартуға барлық қолдау көрсетілуде және бұл шынында да инвестиция тартуға өте ыңғайлы мемлекет. Осы орайда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіремін. Алдағы 5 жылда біз мүлдем басқа Қазақстанды көреміз деп сенемін. 5 жылдан кейін Қазақстан әлемнің экономикасы ең дамыған 10 елінің қатарынан орын алатынына шын жүректен сенемін», – деді ол.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтіп, елдің халықаралық инвестициялық тартымдылығын арттыра түседі.
