Трансұлттық қылмыстық топтың мүшесі Ресейден экстрадицияланды

Көркем Алдабергенова 06 сәу. 2026 12:16

Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың мүшесі Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қолдауымен трансұлттық қылмыстық топ құрамында заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналасқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ресей Федерациясынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды.

Күдікті, 2023 жылы Ресей Федерациясының аумағына шығарып сату мақсатында, Қазақстан аумағы бойынша акцизделетін тауарларды (темекі) сәйкестендіру құралдарынсыз заңсыз сақтап, тасымалдаған.

Нәтижесінде, акциздік салықтың Қазақстан бюджетіне түспеген қаражат 1 миллиард теңгені құраған.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылғы сәуірде ол Ресейде ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove