Балқашта экс-полицей мен кәсіпкер қамауға алынды

Самал Асқар 31 нау. 2026 13:42

Балқашта пара алды деген күдікпен бұрынғы полиция бөлімінің басшысы мен кәсіпкер екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Dala News.

Қарағандыдағы тергеу соты оларды тергеу кезеңіне екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарған. Алайда қаулы әзірге заңды күшіне енбеген, қорғаушылар апелляциялық шағым түсірген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, экс-полицей 4 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Кәсіпкер бұл істе делдал болғаны айтылады.

Күдікті полковник өзіне тағылған айыптарды мойындамайды, ал кәсіпкер сотта көрсетілім беруге мәжбүр болғанын мәлімдеген.

Іс бойынша тергеу жалғасуда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove