Депутат Мұрат Әбенов заңгер Әділетхан Молдаханға қатысты істі назарына алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Молдахан Әділетхан бойынша мен ІІМ сөйлестім. Тек заңда қаралған негіздермен шара қабылданып жатқанын жеткізді. Назарымда болады", - дейді депутат.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда заңгер Әділетхан Молдахан қамауға алынғаны хабарланған болатын.
Бұл туралы заңгердің көмекшілері хабарлады. Олар заңгердің қамалуын әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты айтқан пікірімен байланыстырып отыр.
Полиция заңгердің ұсталғанын растады.
