Қоқыстан табылған мәйіт: Ақтөбеде жантүршігерлік іс бойынша күдікті ұсталды

Cағыныш Сардарова 17 нау. 2026 16:56

Ақтөбеде жантүршігерлік іс бойынша күдікті ұсталды,деп хабарлайды Dalanews.kz.

12 наурызда аулалардағы қоқыстың бірінен ер адамның сүйегі табылды. Бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталған.

"Алдын ала мәлімет бойынша күдікті мен жәбірленуші арасында бірге ішімдік ішу барысында жанжал туындап, күдікті жәбірленушіге бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove