Салқынқанды шешім қабылдағандар ұтады: 19 ақпанға арналған жұлдыз жорамал

Сағыныш Сардарова 19 ақп. 2026 07:30

19 ақпан - эмоцияға ерік бермей, әр қадамды ойлануды талап ететін күн. Бүгін асығыстықтан гөрі салқынқанды шешім қабылдағандар ұтады,деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тоқты

Күннің алғашқы жартысы қарбаласпен өтуі ықтимал. Жұмыста жаңа тапсырма немесе тосын ұсыныс түсуі мүмкін. Барлығына бірдей келісе бермей, өз мүмкіндігіңізді таразылаңыз. 

Егіздер

Ақпарат легі артады. Келіссөздер, қоңыраулар, хат-хабар көбейеді. Маңыздысын іріктеп, ұсақ-түйекке алаңдамау керек. Қаржылық мәселелерді кейінге қалдырған дұрыс.

Арыстан

Бүгін сіздің бастамаңыз бағаланады. Басшылықпен немесе серіктестермен әңгіме сәтті өтуі мүмкін. Дегенмен өз пікіріңізді дәлелдегенде шамадан тыс қатаңдық танытпаңыз. Жеке өмірде ашық әңгіме пайдалы болмақ.

Тауешкі

Бүгін -  іскерлік тұрғыдан нәтижелі күн. Құжат рәсімдеу, есеп жүргізу, жоспар құру сәтті өтеді. Ұзақ мерзімді жоспарларға нақты қадам жасауға болады. Кешке тынығып, күш жинау маңызды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove