Отарда жағы сынған сарбазға қатысты іс: бірнеше адам қызметінен айырылды

Сағыныш Сардарова 19 ақп. 2026 09:19

Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде болған оқиғаға қатысты кадрлық шешімдер қабылданды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызмет сарбазына дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Бұдан бөлек лауазымды адамдардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, қызметтік тексеріс жүргізілді. Кадрлық шешім қабылданып, басшылық құрамындағы төрт лауазымды тұлға – әскери бөлім командирі, оның тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, батальон командирі және рота командирі қызметінен босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Әскери бөлім командирінің орынбасары-штаб бастығына, батальон командирінің орынбасарына және оның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына қызметтік әрекетке сәйкес емес деген ескерту жарияланған. Бірқатар офицер мен сержантқа қатаң тәртіптік жаза қолданылған.

Еске салайық, бұған дейін Қорғаныс министрлігі Отарда жақ сүйегі сынған мерзімді әскери сарбаз Есбол Қапардың денсаулығына қатысты ақпарат жариялады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove