2025 жылы Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтергеннен кейін банктердегі депозиттердің табысы айтарлықтай артты. Соның нәтижесінде салымшылар үшін ақша жинау бұрынғыдан да тиімді бола түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Informburo мәліметінше, мерзімсіз депозиттердің орташа сыйақысы 15,2%-ға дейін өскен. Ал 6 айға дейінгі мерзімді және жинақ салымдары бойынша табыстылық 19–19,9%-ға дейін жеткен.
2026 жылдың алғашқы жартысында мөлшерлемелер осы деңгейде сақталуы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, егер инфляция баяуласа, депозиттердің нақты табысы одан әрі артып, халық үшін ең сенімді жинақ құралы болып қала береді.
