Ақтөбеде жоғары лауазымды прокурор ұсталды

Қаракөз Амантай 18 ақп. 2026 14:38

Ақтөбеде жоғары лауазымды прокурордың ұсталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Halyqstan ұсынған алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол облыс аудандарының бірінде болған қылмыстық істі тоқтату үшін ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген.

Күдіктіні ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің орталық аппаратының жедел қызметкерлері ұстаған. Операцияға Бас прокуратураның Өзіндік қауіпсіздік департаменті де қатысқан.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Прокурорға қатысты бұлтартпау шарасы әзірге жарияланған жоқ.

Ақтөбе облысының прокуратурасы қызметкердің ұсталғанын жоққа шығармайды, алайда тергеу құпиясына байланысты қосымша мәлімет беруден бас тартты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove