Талғардағы төбелес кезінде қаза тапқан Шерзат Болаттың ісі бойынша екі күдіктіден кассациялық шағым түскен, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев хабарлады.
"Кассациялық шағымды қазір ғана алуға мүмкіндігіміз туды. Ал сот ертеңге тағайындалған екен", - дейді адвокат.
Атап айтқанда күдікті Тоқтаубаев Азамат пен Қалиахмет Дидар ақтауды сұраған.
Айта кетейік, Азамат Тоқтаубаев 15 жылға, Қалиахмет Дидар 7 жылға сотталған болатын.
