Иран бітімге келуден бас тартты және соғысты толық аяқтауды талап етті

Самал Асқар 06 сәу. 2026 21:22

Иран ұсынылған бітім жоспарын қабылдамай, қақтығысты толық аяқтау қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Dala News.

Тегеранның жауабы 10 тармақтан тұрады. Оның ішінде өңірдегі қақтығыстарды тоқтату, Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өту тәртібін әзірлеу, санкцияларды алып тастау және соғыстан кейінгі қалпына келтіру мәселелері қамтылған.

Бұған дейін АҚШ пен Иранға екі кезеңнен тұратын жоспар ұсынылған. Құжатқа сәйкес, алдымен атысты тоқтату, кейін түпкілікті келісімге келу қарастырылған.

Дереккөздердің мәліметінше, жоспар аясында Иран ядролық қарудан бас тартуы тиіс, ал оның орнына санкциялар алынып, активтері бұғаттан босатылады.

Жоспар жақын күндері келісілмек. Егер тараптар мәмілеге келсе, атыс дереу тоқтатылып, Ормуз бұғазы ашылып, 15–20 күн ішінде түпкілікті келісімге қол қойылуы мүмкін.

Сонымен қатар Пәкістан армиясының бас штабының басшысы тараптармен жеке келіссөздер жүргізгені хабарланды. Иран бітімге келуден бас тартты және соғысты толық аяқтауды талап етті.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove