Талғарда 20 жастағы жігітті бір топ адам өлтіріп кеткен

Көркем Алдабергенова 22 сәу. 2026 10:38

12 сәуірде Гүлдала ауылындағы мейрамханалардың бірінде жас жігітке 10-нан астам адамнан тұратын топ шабуыл жасаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оны бірнеше адам қоршап алып, пышақтаған. Жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Оқиға кезінде ондаған куәгер болғаны айтылады.

Полиция кісі өлтіру фактісін растады. Ведомство мәліметінше, 20 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынған. Сонымен қатар, бұзақылық дерегі бойынша тағы үш адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі күдіктіге қатысты үйқамақ бұлтартпау шарасы таңдалған. Ал кәмелетке толмаған күдіктіге қатысты қоғамнан оқшаулауға байланысты емес шара қолданылған.

Барлық куәгер анықталып, жауап алынған. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Істің тергелу барысы Алматы облысының Полиция департаменті ерекше бақылауында.

 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove