Астанада көпқабатты үйдің шатырына шығып алған жігіт құтқарылды

Сағыныш Сардарова 20 сәу. 2026 16:25

Астанада көпқабатты үйдің шатырына шығып алған жігіт құтқарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

20 сәуірда полицияға көпқабатты тұрғын үйдің шатырында ер адам жүргені туралы хабар түскен. Ол 18 жастағы елорда тұрғыны екені анықталды.

Алдын ала мәліметке сәйкес ол биіктен секіруге ниеттенген.

Оқиға орнына жедел қызметтер мен психологтар тартылып, қайғылы жағдайдың алдын алу үшін барлық шара қабылданған. Полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, төменгі жаққа арнайы үрлемелі құтқару жастығын орналастырған.

Жедел әрекет нәтижесінде жігіт шатырдан түсірілді, қазір оның өміріне қауіп жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove