Қазақстанда құтырма дертінен үш адам көз жұмды: дәрігерлер сақ болуға шақырды

Қаракөз Амантай 20 сәу. 2026 11:43

Қазақстанда 2025 жылы құтырма дерті салдарынан үш адам көз жұмған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері елде құтырма жұқтырғандар тіркелмеген. Дегенмен жануарлармен байланыстан кейін дәрігерге қаралатындар саны әлі де азаймай отыр.

Жарақат алғандар көп

2025 жылы жануар тістеу, тырнау немесе сілекейі тию жағдайларынан кейін 60 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың бәріне тиісті ем көрсетілген.

Ал 2026 жылдың алғашқы үш айында осындай себеппен тағы 14 мыңнан астам адам тіркелген.

Уақытылы екпе алу маңызды

Мамандар құтырмадан сақтанудың ең тиімді жолы – қауіпті жағдайдан кейін бірден вакцина салдыру екенін айтады. Сонымен қатар жарақат алған жерді сабынды сумен жақсылап жуып, дереу дәрігерге қаралу қажет.

Айта кетейік, құтырмаға қарсы екпе тегін жүргізіледі.

Сақтық шараларын ұмытпаңыз

Дәрігерлер тұрғындарға жабайы жануарларға жақындамауға кеңес береді. Ал үй жануарларын ұстайтындар оларды уақытылы екпеден өткізіп отыруы тиіс.

Егер жануардың мінезі өзгерсе, басқа жануарлармен байланыстан кейін жарақат алса немесе себепсіз өліп қалса, оны бірден ветеринар мамандарға көрсету қажет.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove