Түркістан облысында Арыс–Шардара тасжолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш кәмелетке толмаған қаза тапты, деп хабарлайды Dala News.
22 сәуір күні «Chevrolet Cobalt» жеңіл көлігі мен «КамАЗ» жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктегі үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Жүргізуші және тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Ал жүк көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған спортшылар жаттықтырушы-жүргізушімен бірге Түркістан қаласына жарысқа бара жатқан. Алайда балаларды тасымалдау туралы уәкілетті органдарға, соның ішінде полицияға хабар берілмеген.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырды.
