Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдумәлік өзіне қатысты жаңа айыптаулар айтылған жағдайда сотқа жүгінуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dala News.
Оның айтуынша, Бибісара Асаубаева мен арадағы жанжал бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Бұл жағдай 2021 жылы өткен ФИДЕ әлем кубогында басталған. Сол турнирде Асаубаева тай-брейкте жеңіске жеткен.
Кейін 2022–2023 жылдары екі спортшы арасында жария мәлімдемелер мен өзара айыптаулар көбейіп, жанжал ушыға түскен.
Әбдумәлік өз беделін заң аясында қорғауға ниетті екенін атап өтті.
