Алматыда жұрт Мұхтар Шахановпен қоштасып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қоштасу рәсімі 21 сәуірде Алматыда Абай атындағы опера және балет театрында өтіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жазылған хат тараған болатын. Мұхтар Шахановтың көзі тірі кезіндегі соңғы аманаты Отырарда, Арыстан баб кесенесі маңына жерлеу болған.
Әйгілі ақын 20 сәуірге қараған түні 84 жасына қараған шағында өмірден өтті.
