1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні. Осыған орай Ұлттық статистика бюросы елдегі этностар саны туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
1 наурыздағы есеп бойынша Қазақстан халқының саны 20 532 240 адамға жеткен. Оның ішінде қазақтар саны 14,6 миллионнан асқан. Елдегі ең ірі этностар қатарында орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, немістер, татарлар, әзербайжандар, кәрістер мен түріктер бар:
- Қазақтар - 14 664 202
- Орыстар - 2 943 022
- Өзбектер - 695 557
- Украиндар - 367 547 5
- Ұйғырлар - 309 164 6
- Немістер - 222 890 7
- Татарлар - 218 361 8
- Әзербайжандар - 157 568 9
- Кәрістер - 120 821 10
- Түріктер - 93 234 11
- Дүнгендер - 88 165 12
- Беларустар - 73 788 13
- Тәжіктер - 61 307 14
- Күрдтер - 52 077 15
- Қырғыздар - 41 459
Статистикаға сүйенсек, қазақтардың ең көбі Түркістан облысында тұрады, өңірде 1,6 миллионнан аса қазақ бар. Орыс ұлты өкілдері негізінен Алматы қаласында шоғырланған, олардың саны 428 мыңға жуық.
Өзбектердің басым бөлігі Түркістан облысында тұрады, шамамен 404 мың адам. Украиндар Қостанай облысында көп тіркелген, онда 83 мыңға жуық украин бар. Ал ұйғырлардың негізгі бөлігі Алматы қаласында қоныстанған, олардың саны 124 мың адамға жетеді.
