Қазақстанда орман өрті артты

Самал Асқар 30 сәу. 2026 13:51

Қазақстанда мемлекеттік орман қорындағы өрт саны өсіп жатыр, деп хабарлайды Dala News.

«Өрттер бойынша қазіргі статистикаға тоқталсақ, бүгінгі күнге дейін мемлекеттік орман қорында 87 өрт тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, ол кезде 76 жағдай болған. Яғни динамика бар, өрт саны былтырғыдан да көп», – деді ІІМ вице-министрі Нұркен Шәрбиев сенат кулуарында.

Министрлік мәліметінше, 2024 жылы осы кезеңде небәрі 26 өрт тіркелген.

«Ауа райы болжамына сәйкес, температура нормадан 1-2 градусқа жоғары болады деп күтілуде. Осыған байланысты өрт қаупі де өте жоғары», – деді ол.

Мәліметтерге сәйкес, орман өрттерінің саны жыл сайын артып келеді және биылғы маусымда қауіп деңгейі жоғары болып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove