Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша үкім шықты
Көркем Алдабергенова30 сәу. 2026 14:35
Астана қаласының соты Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, үкім 2026 жылғы 20 ақпанда жарияланған.
Сот үкіміне сәйкес, айыпталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Аталған үкім заңды күшіне енген.
Сот процесі жабық режимде өткендіктен, іс бойынша өзге мәліметтер жария етілмейді.