Астанада науқас анасын өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Қаракөз Амантай 06 ақп. 2026 09:16

Астанада 55 жастағы ер адам науқас анасын тұншықтырып өлтіріп, кейін оны өзіне қол жұмсағандай етіп көрсетуге тырысқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2025 жылдың шілдесінде Сергей Овсянников жедел жәрдем шақырып, анасының жағдайы күрт нашарлағанын хабарлаған. Дәрігерлер келген кезде егде жастағы әйелдің қайтыс болғанын анықтады. Марқұм ұзақ уақыттан бері төсекке таңылып жатқан. Алайда тексеру барысында оның мойнынан көгерген іздер табылып, өлімнің тұншықтыру салдарынан болғаны белгілі болды.

Бастапқыда ер адам анасы сырқатына байланысты өзін-өзі өлтіруге әрекет жасағанын, ал өзі оны құтқармақ болғанын айтқан. Бірақ көршілері мен таныстары оның еш жерде жұмыс істемей, анасының зейнетақысымен күн көргенін, ішімдікке әуес болғанын және жанжалға бейім екенін жеткізді. Тергеу мен сараптамалар осы мәліметтерді растады.

Нәтижесінде сот оны адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove