Павлодарда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
30 сәуір күні 101 қызметіне Муткенов көшесіндегі үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер подъезде қою түтінді байқаған.
Өрт бірінші қабаттағы пәтерден шыққан. Құтқарушылар жалынды тез арада сөндіріп, оның басқа қабаттарға таралуына жол бермеді. Жалпы 10 шаршы метр аумақтағы жиһаз бен тұрмыстық заттар жанған.
Құтқару жұмыстары кезінде 15 адам, оның ішінде 5 бала сыртқа шығарылды. Тағы 20 тұрғын өздері қауіпсіз жерге шыққан.
Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр.
