Жәбірленушінің әкесінің айтуынша, 68 жастағы ер адам қызды алдап, өз үйіне шақырып, сол жерде зорлық жасаған. Оның сөзінше, күдікті кінәсін мойындаған, соған қарамастан полиция ер адамды босатып жіберген.
Қыздың әкесі Шыңғырлау ауданында тергеу тиісті деңгейде жүргізілмей жатқанын айтып, өзіне шенеунік тарапынан қоқан-лоқы сипатындағы хабарламалар түсіп жатқанын мәлімдеді.
Полиция бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы ("Кәмелетке толмағанды зорлау") бойынша іс қозғалғанын растаған.
