Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Қазақстан халқының жалпы саны 20,5 миллионнан асқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Статистикаға сүйенсек, халықтың басым бөлігін қазақтар құрайды – 14,6 млн адам. Екінші орында орыстар – 2,9 млн. Одан кейінгі ірі этностар қатарында өзбектер (695 мың), украиндар (367 мың), ұйғырлар (309 мың), немістер (222 мың), татарлар (218 мың) бар.
Сондай-ақ Қазақстанда әзербайжандар (157 мың), кәрістер (120 мың), түріктер (93 мың), дүнгендер (88 мың), беларустар (73 мың), тәжіктер (61 мың), күрділер (52 мың) және қырғыздар (41 мың) тұрады.
Өңірлік тұрғыдан алғанда, қазақтардың ең көп шоғырланған аймағы – Түркістан облысы, мұнда олардың саны 1,6 миллионнан асады. Ал орыс ұлтының өкілдері негізінен Алматы қаласында тұрады – шамамен 428 мың адам. Өзбектердің басым бөлігі де Түркістан облысында шоғырланған, олардың саны 400 мыңнан асады.
Жалпы алғанда, Қазақстан – көпэтносты мемлекет. Ресми деректер елде 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүретінін көрсетеді.
