Бүгін елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Қаракөз Амантай 23 ақп. 2026 07:30

"Қазгидромет" 23 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың ықпалы сезіліп, ауа райы күрт құбылады.

Болжамға сәйкес, республика бойынша қар жауып, бұрқасын соғуы мүмкін. Кей өңірлерде жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп күтіледі. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында қалың қар түсіп, көріну қашықтығы нашарлайды. Ал Шығыс Қазақстанда қатты қар мен боран болуы мүмкін.

Синоптиктердің айтуынша, тек елдің батыс бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.

Сонымен қатар республика көлемінде бірқатар қауіпті метеорологиялық құбылыстар күтіледі. Кей жерлерде қою тұман түседі. Екпінді жел жол қозғалысын қиындатуы ықтимал.

Осыған байланысты құтқару қызметі жүргізушілерге тас жолдарда барынша сақ болып, мүмкіндігінше алыс сапарларды кейінге шегере тұрған жөн екенін ескертті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove