Алматы облысында экс—судья заңды белшесінен басып отыр. Заңға пысқырмайтын заң саласының маманы мен міслихат депутаты арасында бітіспес тартыс басталды. Албан жұрытын алаңдатқан даулы тартыс күн өткен сайын күшейіп келеді. Бұрынғы судьяның қызметтік тұрғын үйді босатпауы қоғамда резонанс туғызды. Өзіне төнген қауіп жайлы Райымбек аудандық мәслихаты депутаты Бекжан Жүнісов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz Todayinfo.kz-ке сілтеме жасап.
Депутаттың айтуынша, экс-судья Сексенбаев Тұрсынбай қызметі әлдеқашан аяқталғанына қарамастан, қызметтік үйді босатпай отыр.
«Экс-судья Сексенбаев Тұрсынбай мырзаның қызметі әлдеқашан аяқталғанына қарамастан, қызметтік үйді босатпауы жайлы қозғап, әділдік іздеген едім. Енді міне, осы мәселе аясында экс-судья Тұрсынбай мырза менімен арнайы хабарласты. Заң адамы адамша сөйлеседі деп үміттенген едім. Алайда ол өзінің өктемдігін білдіріп, заң адамы бола тұра заңды белшесінен басып, маған ашық түрде қасақана қастық жасауға дайын екенін бірнеше рет қайталады», – дейді депутат.
Оның сөзінше, экс-судья ешкімнің оған күші жетпейтінін айтып, «әділдіктен үмітіңді үз» дегенге келтірген.
«Ол мемлекеттік қызметтегі бірнеше азаматтардың да атын атап, өз үстемдігін білдірді», – дейді Бекжан Жүнісов.
Аталған мәселе бойынша депутат Алматы облыстық сотына E-өтініш порталы арқылы ресми түрде жүгінген. Алайда соттан келген жауап көңіл көншітпеген.
«Сексенбаев Тұрсынбай қазіргі уақытта судья емес, зейнетке шыққан. Оған қатысты ешқандай шара қолдана алмаймыз», – деген қысқаша жауап жолданған.
Бұл жауап аудан жұртының наразылығын тудырды. Осыған байланысты аудандық мәслихат депутаты Бекжан Жүнісов қоғамға үндеу жасады. Депутаттың айтуынша, экс-судья онымен сөйлесу барысында ашық түрде қысым көрсеткен.
«Заң адамы ретінде адамша сөйлеседі деп үміттенген едім. Бірақ ол өз үстемдігін көрсетіп, заңды белшесінен басып, маған қастық жасауға дайын екенін бірнеше рет қайталады. “Әділдіктен үмітіңді үз” деп, оған ешкімнің күші жетпейтінін айтты. Мемлекеттік қызметтегі бірнеше азаматтардың атын атап, ықпалын білдірді», – деді депутат.
Экс-судьяның өзі ашық қорқытуға көшке. Мемлекеттің меншігіндегі үйді халыққа қайтарудан ашық түрде бас тартқан.
«Сен үй мәселесі бойынша әуре болсаң, бұдан да маңызды мәселелер жеткілікті. Бұл үйді менен аудандық, облыстық, тіпті Мәжіліс депутаты да, облыс әкімі де тартып ала алмайды. Бұл үйді жекешелендіріп аламын. Сен басқа адамдармен ұстассаң ұстас, бірақ менімен ұстаспа. Мен саған жаманшылық істеп жіберемін. Саған кімнің қолдау білдіріп жүргенін білмеймін бе, егер менімен ұстасқың келсе, түбіне дейін апарамын. Ол үйден мені күштеп шығара алмайсыңдар, қолдарыңнан келмейді. Сені кім “крышавать” етіп жүргенін жақсы білемін. Судья сендерге ойыншық емес, оны ауылда жүрген министр деп есептей беріңдер», – деген экс—судья.
Депутат бұл жағдай қоғам үшін қауіпті үрдіске айналуы мүмкін екенін айтып, тиісті мемлекеттік органдарды әрекет етуге шақырды.
