Челах ісі бойынша үкім шығарған судья қызметінен кетті

Сағыныш Сардарова 23 ақп. 2026 14:36

Жоғары Сот кеңесінің кезекті отырысында Жамбыл облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушыны қызметінен босату мәселесі қаралды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Отырыстың қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы қызметінен босатылды. Бұл лауазымды осы уақытқа дейін Ербол Ахметжанов атқарып келген еді.

Айта кетейік, Ербол Ахметжанов бұған дейін Арқанкерген оқиғасы бойынша Владислав Челахқа үкім шығарған судья ретінде белгілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove