“Деректерді өңдеу орталығы алқабы” жобасы: Президент тапсырмасы қалай жүзеге асуда?

Dalanews 25 ақп. 2026 21:26

Премьер-министр Олжас Бектенов «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасының Ұлттық құрылтайдың V отырысында Президент қойған міндеттер шеңберінде жүзеге асырылу барысы қаралған жиын өткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Онда Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин жобаның биылғы қаңтар айында Павлодар облысы Екібастұз қаласында іске қосылғаннан бергі атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Орталық Азиядағы энергетикалық әлеуеті 1 ГВт-қа дейін жететін ең ірі кампусты құру жөніндегі «ДӨО алқабы» жобасы бүгінгі таңда қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Үкімет тиісті инфрақұрылымдық және құқықтық жағдайларды жасауда. Атап айтқанда, жалпы ауданы 1,4 мың гектар жер телімі бөлінді. Ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін қосалқы станса сатып алу, сондай-ақ инвесторлар мен жобаға қатысушыларды мемлекеттік қолдаудың қосымша тетіктерін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Құрылатын инфрақұрылымның маңызды элементі халықаралық серіктестерді тартуға арналған Greenfield аймағы болмақ. Сондай-ақ одан әрі кеңейте түсу мүмкіндігі бар 100 МВт-ға дейінгі қуаттар дайындалды. Инфрақұрылым энергия тиімділігі коэффициенті PUE 1.25 болатын Tier III халықаралық стандартына сәйкес келмек. 

Телекоммуникациялық инфрақұрылым саласындағы ең ірі hyperscale және BigTech компанияларының талаптарын қанағаттандыру үшін желілік кідіріс 80-нен 57 миллисекундқа дейін төмендетіледі, бұл – негізгі еуропалық трафик алмасу орталықтарымен тең деңгей.

Бұдан әрі есептеу инфрақұрылымын кезең-кезеңмен ұлғайту, әрқайсысы 50 МВт-тан ЖИ-ДӨО-ның төрт кезеңін салу көзделген.

Тұтастай алғанда, «ДӨО алқабын» іске қосу Қазақстанда цифрлық инфрақұрылым мен есептеу қуаттылығының өңірлік орталығын қалыптастыруға, $30 млрд-қа дейін инвестиция тартуға және 500-ден астам жоғары білікті жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов салалық министрліктер мен жауапты ұйымдарға жұмыстың барлық кезеңдерін уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз етуді және қажетті нормативтік шешімдерді қабылдауды жеделдетуді тапсырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove