Петропавл қаласының 52 жастағы тұрғыны таныс әйелдің үйіне барған. Алайда кездесу қайғылы жағдаймен аяқталған, жанжал кезінде әйел ер адамды теледидар пультімен ұрған.
Алдын ала мәлімет бойынша бірге ішімдік ішкеннен кейін олардың арасында жанжал туындаған. Арна дерегінше, ер адам бірінші болып қол көтерген, осыдан кейін әйел ер адамның басынан бірнеше рет пультпен ұрған.
Оқиға 7 ақпанда болған. Зардап шеккен азамат тек келесі күні ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер он күн бойы оның өмірі үшін күрескенімен, аман алып қалу мүмкін болмаған.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Күдікті ретінде 58 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
