Жәнібек Әлімханұлының менеджері допинг ағзасына қалай түскенін айтты

Көркем Алдабергенова 25 ақп. 2026 17:15

WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Эгис Климас тыйым салынған заттың боксшы ағзасына қалай түскенін түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Климастың айтуынша, өткен жылдың мамыр айында Әлімханұлы қатты бас ауруы, жүрек айну және құсу белгілерімен клиникаға жүгінген. Дәрігерлер жағдайдың жеделдігіне байланысты оған көктамыр арқылы рипронат препаратын тағайындаған. Бұл дәрінің белсенді заты мельдоний.

Менеджер сол кезде боксшының алда жоспарланған жекпе-жектері болмағанын және WADA тестілеу пулына кірмегенін атап өтті. Сондай-ақ мельдонийдің ағзада тоғыз айға дейін сақталуы мүмкін екенін айтты.

"Дәрігерлер оны толықтай заңды препараттармен емдеді. Бұл дәрілер Қазақстанда тіпті рецептсіз де сатылады", – деді Эгис Климас.

Айта кетейік, Әлімханұлы 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін жарыстардан шеттетілгенімен, өзінің чемпиондық белбеулерін сақтап қалды.

 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove