Еуроодақ ондаған жылдар бойы қорғаныс мәселесінде АҚШ-қа арқа сүйеп келді, енді өз қауіпсіздігін өзі қамтамасыз етуі тиіс. Бұл туралы Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz
Оның айтуынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Еуропа «барлық тыйымдардан арылуы» қажет.
Фон дер Ляйен, атап айтқанда, «өзара қорғаныс туралы ескертпені» (Еуропалық одақ туралы шарттың 42.7-бабы — Лиссабон шарты) қолдану мәселесін көтерді. Бұл — агрессия болған жағдайда ЕО елдерінің бір-бірін қорғау жөніндегі ұжымдық міндеттемесі.
«Менің ойымша, осы ескертпені іс жүзінде жүзеге асыратын уақыт келді», — деді ол.
