Голан жоталарына дейінгі жол: үшінші ұлттық контингент миссияға әзір

Сағыныш Сардарова 23 ақп. 2026 13:34

Алматыда қорғаныс министрі Голан жоталарына жіберілетін бітімгерлердің дайындығын тексерді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматыға жұмыс сапары барысында қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов БҰҰ-ның Голан жоталарындағы миссиясына баруға дайындалып жатқан 3-ші ұлттық бітімгерлік контингенттің әскери қызметшілерімен кездесті.

Бөлімше командирі, подполковник Ілияс Алматов жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға әзірлігін баяндады.

"Дайындық халықаралық стандарттарға сай жүргізіліп жатыр. Жеке құрам миссия аймағына аттануға толық дайын", - деді ол.

Әскери қызметшілерге арнаған сөзінде қорғаныс министрі алдағы миссияның маңызын атап өтті.

"Бітімгерлік операцияға қатысу - үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Қазақстандық контингент ел басшылығы мен БҰҰ миссиясы қолбасшылығының сенімі мен құрметіне ие. Сіздер елімізді лайықты түрде танытасыздар деп сенемін", - деді авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove