Жетісу университетінің студенттері ЖОО арасындағы спорттық турнирде жеңіске жетті

Ақтоты Жапатова 13 ақп. 2026 14:00

2026 жылғы 12–13 ақпан аралығында Алматы технологиялық университетінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары арасында спорттық турнир өттідеп хабарлайды Dalanews.kz.

Аталған жарыста Жетісу университетінің студенттері волейбол (ұлдар құрамасы), футзал (қыздар құрамасы), шахмат және тоғызқұмалақ бойынша бақ сынады.

Турнирдің негізгі мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, волейбол және футзал спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ жоғары оқу орындары студенттері арасында достық қарым-қатынасты нығайту.

Жарыс қорытындысы бойынша Жетісу университеті жалпы командалық есепте 1-орынды иеленді. Атап айтқанда: волейболдан (ұлдар) – 1-орын, футзалдан (қыздар) – 1-орын, шахматтан – 2-орын, тоғызқұмалақтан – 3-орын.

Турнир студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спорттық және достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік берді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove