Қазақстанның бұрынғы президентінің інісі Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев өзін банкрот деп тану туралы сотқа қайта жүгінді. Ол мемлекетке кемінде 63 миллиард теңге қарыз, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Нұрбол Назарбаев сотқа арыз беріп, өзін банкрот деп тануды сұраған.
17 ақпанда сот оның өтінішін қабылдап, «соттық банкроттық рәсімін қолдану туралы» азаматтық іс қозғады.
Істі сот талқылауына дайындау аясында Нұрбол Назарбаев 2026 жылғы 3 наурызда сағат 15:10-да «әңгімелесуге» шақырылған. Іске үшінші тарап ретінде Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті тартылды.
Нұрбол Назарбаевтың атқарушылық өндірістер бойынша кемінде екі қарызы бар. Біріншісі - 61 854 480 596 теңге. Оның ішінде 55 миллиард теңге мемлекет кірісіне, арнайы қорға аударылуы тиіс.
Екінші қарызы - 1,6 миллиард теңге көлеміндегі мемлекеттік баж, ол да мемлекет кірісіне төленуі қажет.
Жалпы алғанда, Нұрбол Назарбаевтың қарызы 63,7 миллиард теңгеге жетеді.
