Қазақ елінің әнұранын Италияда асқақтатқан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа тағы бір компания Астанадан 3 бөлмелі пәтер сыйламақ, деп хабарлайды Dalanews.kz
«Ulytau Group компаниясының атынан Сізге шынайы алғысымызды білдіре отырып, Астана қаласындағы Есіл өзенінің жағалауында орналасқан New City Life тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтерді сыйға тартатынымызды қуана хабарлаймыз»,- делінген компанияның ресми хабарламасында.
⠀
Алайда, компания Олимпиада чемпионымен хабарласа алмай екен. Әлеуметтік желі арқылы чемпионмен байланысудың амалын іздеп, көпшіліктен сұраған.
«Біз Михаил Шайдоров мырзамен жеке байланысып, оны құттықтап, Ulytau Group атынан 3 бөлмелі пәтер табыстағымыз келеді. Алайда, өкінішке қарай, әзірге оған хабарласа алмай отырмыз.
Егер сіздер оның байланыс нөмірін білсеңіздер немесе осы хабарламаны оған жеткізе алсаңыздар — өтініш, бізге көмектесіңіздер! Біз бұл қуанышты жаңалықты чемпионымызбен бөліскіміз келеді»,- делінген хабарламада.
