Жамбыл облысында екі жасөспірім өлі табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қайғылы жағдай 15 сәуірде таңертең Қордай ауданына қарасты Қаракемер ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша екі жасөспірімнің денесі сарайдан табылған.
Полиция бұл дерек бойынша "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы негізінде қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.