Белгілі журналист базардағы құрылыс материалдарының бағасы шарықтағанын айтты

Қаракөз Амантай 15 сәу. 2026 13:08

Белгілі журналист Ришат Асқарбекұлы базардағы құрылыс материалдарының бағасы шарықтағанын жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, әсіресе ең көп қолданылатын цемент бағасы айтарлықтай қымбаттаған.

“Былтыр 2–2,2 мың теңгеден сатылған цементтің бағасы қазір 3 мың теңгеге дейін көтерілгелі тұр. Бұл қалай болды? Неге бағада тұрақтылық жоқ?”, – деді журналист.

Ришат Асқарбекұлының пікірінше, бағаның өсуі тек құрылыс саласына емес, қарапайым халықтың тұрмысына да салмақ салып отыр.

“Мұның барлығы үй бағасына және өзге де салаларға әсер етеді. Соның салдарынан халықтың қалтасына салмақ түсіп жатыр. Бұл мәселе қашан реттеледі? Өте түсініксіз жағдай”, – деп сауал тастады ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove