Есмұхан Обаев өмірден өтті

Сағыныш Сардарова 16 сәу. 2026 09:24

Танымал мәдениет қайраткері Есмұхан Обаев өмірден өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

"Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын қазақ театр өнері дамуына, сахна мәдениеті өркендеуіне, ұлттық режиссура мен актерлік мектеп қалыптасуына арнаған көрнекті тұлға болатын. Ұлт мәдениетінің мерейін өсірген, театр өнерінің абыройын асқақтатқан ардақты азамат қай кезеңде де өнерге адалдықтың, кәсібіне жауапкершіліктің үлгісін көрсете білді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, ол - театр режиссері, профессор, "Тарлан" тәуелсіз сыйлығының, "Парасат", "Барыс" ордендерінің иегері, мемлекеттік стипендияның лауреаты.

Есмұхан Обаев "Абай", "Қарагөз", "Айман-Шолпан", "Ревизор", "Шыңырау түбінде", "Асауға тұсау" секілді спектакльдерді сахналаған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove