Екібастұзда дәрігер мен медбикені соққыға жығып кеткен

Көркем Алдабергенова 16 сәу. 2026 09:12

Екібастұзда дәрігер мен медбикені соққыға жығып кеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға 12 сәуір күні таңертең болған. Ауруханаға жергілікті тұрғын екі мас досымен бірге келген. Полицияның мәліметінше, олар агрессивті әрекет еткен.

Дәрігер ескерту жасағаннан кейін жанжал басталған. Келгендер мекемеден кетуден бас тартып, медицина қызметкеріне шабуыл жасаған, оны ұра бастаған. Араша түсуге тырысқан медбике де зардап шеккен. Екі медицина қызметкері де жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Күдіктілер оқиға орнында ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды.

 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove