Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Сенат кулуарында қыз алып қашуды дәріптейтін әндерге қатысты министрліктің ұстанымын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның сөзінше, мұндай шығармаларға енді ерекше назар аударылады. Себебі қазақстандық әртістерді шетелде де көп тыңдайды, сондықтан олардың репертуары қоғамға қандай мазмұн ұсынатыны маңызды.
Вице-министр министрлік әншілерге осындай әндерді орындамауды немесе мәтінін өзгертуге кеңес беруі мүмкін екенін де жасырмады. Ол кейінгі уақытта кей өңірлерде қыз алып қашуға қатысты оқиғалар қоғамда үлкен резонанс туғызғанын атап өтті.
“Бұл мәселеде сіздердің де қолдауларыңыз маңызды. Қоғамның өзі әртістерді басқа тақырыпта ән айтуға ынталандырады деп сенеміз”, - деді ол.
