Қазақстандық әйел ұлын оқуға түсіремін деген алаяққа 2,5 млн теңге берген

Көркем Алдабергенова 06 ақп. 2026 17:08

Абай облысының 41 жастағы тұрғыны алаяқтық құрбаны болды. Алаяқ тұрғынның ұлын университетке оқуға түсіруге көмектесемін деп уәде берген, деп хабарлайды Dalanews.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәбірленушінің айтуынша, өткен жылдың көктемінде өзі онша таныс емес жас жігіт 18 жастағы ұлын жоғары оқу орнына түсіруге көмектесетінін айтқан. Осы сылтаумен әйел оған 2,5 миллион теңге берген.

Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, Семей қаласының 41 жастағы тұрғынын полиция бөліміне жеткізді. Аталған дерек бойынша алаяқтық белгілерімен тексеру басталды.

«Күдіктіге процессуалдық құқықтары түсіндірілді, келу туралы міндеттеме алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп қосты полиция өкілдері.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove