Қазақстандық студенттерге АҚШ-та білім алу қиындай түскен

Қаракөз Амантай 31 нау. 2026 13:57

Қазақстандық студенттердің АҚШ-та білім алу көрсеткіші кейінгі уақытта төмендей бастаған. Бұған визалық рәсімдеудің күрделенуі әсер етіп отыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, "Болашақ" бағдарламасы арқылы іріктеуден өтіп, шетелдік университеттерге қабылданған талапкерлердің шамамен 30 пайызы виза алу кезінде қиындыққа тап болып, кері жауап алады.

Министрдің айтуынша, мұндай жағдайда студенттерді балама оқу орындарына немесе басқа елдерге бағыттауға тура келеді.

"Сол себепті біз оларды өзге университеттерге немесе басқа мемлекеттерге ауыстырамыз. Осыған байланысты АҚШ-қа баратын студенттер санының азаю үрдісі байқалады", – деді ол.

Сонымен қатар Саясат Нұрбек Қазақстанның өзі халықаралық білім беру орталығына айналып келе жатқанын атап өтті. Әсіресе соңғы геосаяси жағдайларға байланысты Таяу Шығыс елдерінен келетін студенттер саны артып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove