Есірткі сақтаған Көкшетау және Петропавл тұрғындары сотталды

Көркем Алдабергенова 30 нау. 2026 09:39

Көкшетау және Петропавл қаласының тұрғындары психотроптық заттарды өткізу бойынша сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Көкшетау қаласының прокуратурасы жоғары оқу орындарының студенттерінің қатысуымен α-PVP психотроптық затының заңсыз айналымытуралы іс бойынша сот отырысының тікелей онлайн-трансляциясын ұйымдастырды.

Сотта анықталғандай, айыпталушылар алдын ала сөз байласып, психотроптық затты аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алып, оны өткізу мақсатында сақтаған.

Сот үкімімен бір сотталушы 7 жылға, екіншісі 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.

Сот отырысына жастар арасындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында онлайн және офлайн форматта 470 студент қатысты.

Қала прокуратурасы ескертеді: есірткі заттарының заңсыз айналымы қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады және жастардың болашағын біржола бұзуы мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove