Астанада экология департаменті 8–20 сәуір аралығында аудан әкімдіктерімен бірлесіп рейд жүргізіп, қала аумағында 54 заңсыз қоқыс төгу орнын анықтады, деп хабарлайды Dala News.
Анықталған фактілер бойынша аудан әкімдіктеріне ресми хаттар жолданған. Қазіргі уақытта барлық аудан әкімдіктері санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ведомство мәліметінше, анықталған орындардың шамамен 70%-ында қоқыс толық тазартылған. Қалған учаскелер бойынша жұмыстар жалғасуда.
Сонымен қатар, тазалау барысын бақылау үшін экология департаменті қосымша рейдтер ұйымдастырған.
