Қостанайда мас күйдегі бір топ адам полицейді соққыға жыққан

Сағыныш Сардарова 31 нау. 2026 15:48

Қостанайда мас күйдегі бір топ адам полицейді соққыға жыққан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл оқиға 28 наурызда таңертең Береке шағынауданында болған.

Полицияның мәліметінше, қызметкер жұмыстан тыс уақытта кәмелетке толмаған балаларымен бірге жүріп, қоғамдық тәртіпті бұзған бір топ ер адамға ескерту жасаған. Олар бұған агрессия танытып, полицейді ұрып-соққан.

Ведомство өкілдері тәртіп сақшысы сол сәтте формада болғанын және жұмысқа бара жатқанын нақтылады.

Шабуыл жасағандардың барлығы анықталып, олар ұсталған. Бұл жайтқа байланысты билік өкіліне қол көтеру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove