Шымкентте психотроптық заттарды аса ірі көлемде заңсыз өткізді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Dala News.
«Оның уақытша тұрып жатқан жерінде жүргізілген тінту барысында психотроптық заттардың қосымша партиялары және оларды бөлшектеп қаптауға арналған құралдар табылды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 250 грамнан асты», – делінген хабарламада.
Полиция мәліметінше, күдікті тыйым салынған заттарды интернет-мессенджер арқылы таратып, төлемді электронды төлем жүйелері арқылы қабылдап отырған. Тексеру кезінде сатуға дайындалған ұнтақ тәрізді зат салынған орамдар да тәркіленген.
Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция есірткіні заңсыз өткізгені үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.
