Шығыс Қазақстан облысында Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек құс байқалды. Кадрларды Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері ұсынған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ұлттық парк өкілдерінің мәліметінше, аққұйрық субүркіт Аққайнар ауылы маңынан байқалған. Бұл ірі жыртқыш құс еліміздегі ең сирек әрі ерекше қорғалатын түрлердің бірі.
Мамандардың айтуынша, аққұйрық субүркіттің көру қабілеті өте жоғары: ол олжасын бір шақырымнан астам биіктен-ақ байқай алады.
