Астананың ауданаралық азаматтық істер жөніндегі соты өткен жылдың соңында Ерлан Нығматулинге тиесілі бірнеше компаниядағы үлестерге шектеу қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Сот шешімі бойынша Qaz Enrichment, Asia FerroAlloys, EkibastuzFerroAlloys және "Қаражыра" компанияларындағы үлестеріне тыйым салынды", - дейді ГосАрхив дереккөзі.
Сот бұл шешімнің қай іс бойынша қабылданғанын нақтылаған жоқ. Іс жабық форматта қаралғандықтан, оның толық мәліметтері жарияланбайды.
Айта кетейік, жақында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев экс-Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағасына қатысты қылмыстық іс бойынша соңғы мәліметтерді жариялаған еді.
