Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

Көркем Алдабергенова 06 ақп. 2026 07:30

Синоптиктер 6 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астана қаласында 6 ақпанда жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар) болады. Көктайғақ. Түнде және таңертең тұман. Таңертең және күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

6 ақпанда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Қонаев қаласында 6 ақпанда оңтүстік-батыстан жел болады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

6 ақпанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса болады.
Тараз қаласында 6 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса болады.
6 ақпанда Абай облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, облыстың орталығында 23-28 м/с, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса болады.
6 ақпанда Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 м/с, облыстың таулы бөктерінде екпіні 30 м/с және одан аса болады.

6 ақпанда түнде Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман, түнде бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с болады. Қызылорда қ: 6 ақпанда кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, түнде бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде екпіні 17 м/с болады.

6 ақпанда түнде Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, шығысында екпіні 23-28 м/с. Қарағанды қаласында 6 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с.

6 ақпанда Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, түнде облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Жезқазған қаласында 6 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

6 ақпанда Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман болады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20 градус қатты аяз болады.

6 ақпанда Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, түнде облыстың оңтүстігінде қатты қар. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Қостанай қаласында 6 ақпанда тұман болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove