Таразда Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты сот басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазақпарат мәліметінше, айыптау тарапы жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адамның қаза табуына байланысты айыпты деп санайды.
Прокурордың мәлімдеуінше, Гүлайым Рахмонова түні бойы көлік тізгінінде болған және қатты шаршағанына қарамастан, рөлді басқа жүргізушіге бермеген.
Айыптау нұсқасына сәйкес, ол көлікті басқарудан айырылып, автомобиль қарсы бағытқа шығып кетіп, аударылған. Соның салдарынан оның құрбысы мен әпкесі қаза тапқан.
